Найдено 78 документов
  • Наурыздың шығуы немесе Мади патшаның өлімі
    Наурыздың шығуы немесе Мади патшаның өліміНаурыз - ең ежелгі Жаңа жыл. Ертедегі халықтар Жаңа жылды көктемде мейрамдады, өйткені көктемде табиғат оянады, күзде мол өнімге кенелетініне үміттеніп, астық тұқымдастарды және басқа дақылдарды себуге болады. Жаңа жылды, ал сонымен бірге жаңа өмірді қарсы алу дәстүрінен еуропалық елдерде қарағайдың немесе шыршаның мәңгі жасыл бұтағы қалды ... Мәселе Жаңа жылды қыста қарсы алатын елдерде Көктемнің бейнесі ретінде қылқан жапырақты өсімдіктер аталды, міне, сондықтан шыршалар мен қарағайлар 1 қаңтардың алдында безендіріледі.Наурыз фарсиден аударылғанда Жаңа жыл дегенді білдіреді. Бірақ ертедегі Жаңа жылдың өзінің тарихы біздердің алыстағы ата-бабаларымыз - скифтермен тікелей байланысты. Ертедегі грек тарихшысы Геродот жазғанындай, скифтер б.д.дейінгі YII ғасырдың 70-жылдарында Азия далаларынан Ассирия мен Вавилонияға келді және 28 жыл сонда билік жүргізді. Ассирия патшасы Ассархаддон скифтермен одақ құрып, өзінің қызын Ишпақайдың баласына, скиф ханзадасы...
  • Қыпшақтар
    ҚыпшақтарҚазақ далаларында ХІ ғасырдың басында қыпшақ тайпалар бірлестігінің үстемдігі орнады. Содан бері бұл жерлер Дешті Қыпшақ (Қыпшақтар елі) деп атала бастады.Өзінің күші мен билігін сезген көп санды жауынгер қыпшақтар ең алдымен Сырдария өзенінің ағысы бойындағы, үстірт қыратындағы және Еділ-Жайықтың сағасындағы керуен жолдарына бақылау орнатты. Құмандармен (қомандар, қимақтар) бірігіп алып, қыпшақтың тоқсаба және бұржоғлы рулары өз жорықтарында оңтүстік орыс далаларына дейін жетіп, Кавказға, Византия шекарасына дейін бақылау орнатты. Сонымен, қыпшақтық рулар мен тайпалардың бірлестіктері екі үлкен елге: батыстық және шығыстық болып бөлінді. Бөліну Еділ өзені бойынша өтті.Осы заманғы Қазақстанның үлкен бөлігі Шығыс-қыпшақ ұлысы болып табылады. Шығыс және Батыс қыпшақтық ұлыстарды хандар басқарды. далаларынан моңғолдық қуғындаулардан үндістанға кеткен ұлы ханның баласы Дели сұлтандығында Елбөрі хан атанады, ол сонымен бірге қимақтар шахы болды. ¦лы ханның әкесі Елбөріні біріктіруде...
  • Қаңлы мемлекеті
    Қаңлы мемлекетіҚазақтың шежірелік жылнамаларына сәйкес Қаңлы - ұлы жүздің ежелгі және белгілі руларының бірі. Шежірешілер Қаңлыны Шыңғысханның серіктестерінің бірі Майқы биден таратады. Бірақ тарихи куәліктер Қаңлы руының шығу тегіне байланысты шежірелік жылнамаларға қарағанда, біршама басқаша сөйлейді. Махмуд Қашқаридың "Түркі тілдерінің лұғаты" жинағында:"Қыпшақ бірлестіктерінің (тайпа) тамаша руларының бірі Қаңлы болды",- делінген. Тасқа жазылған ертедегі түріктік орхон-енисей сына жазуларында тәңір түріктерінің көсемдері Қаңлы туралы былайша бағалайды:"Қаңлы ата бізге келді", бұл Түрік қағанаты кезінде қаңлы руының маңызы туралы баяндайды. Сондықтан қазақ халқында осы уақытқа дейін:"Құрметтелетін халықта Қаңлы бар", "Қаңлыдан хан сайлайды", "Қаңлы бар жерде басқа хан болмайды" деген сөз бар. Белгілі ғалым және ақын Шәкерім қажы "Түріктердің, қырғыздардың және қазақтардың шежіресі" кітабында қаңлы туралы былай деп жазады:"Олардың (қаңлылардың) бұрынғы уақыттарда бектері көп болған. Стамбулда...
  • Қазақстан аумағындағы жартастардағы өрнектер
    Жартастардағы өрнектерөткеннің сан алуан тарихи ескерткіштерінің ішінде жартастағы өрнектер (андрондық мәдениетті қараңыз), бедерлер мен әшекейлер көрнекті орын алады.Қазақстан аумағында тас немесе металл құралдармен жартастарға ойып салынған суреттер - петроглифтер деп аталатын ескерткіштердің бірінші бұл түрі ерекше тараған. өздерінің көркемдік құндылығы жөнінен орны бөлек жартастағы "полотнолар" ертеден өздеріне ескілік көздері мен өнері әуесқойларының назарын аударған .Қазақстандағы жартастағы бейнелер туралы еске салулар XI ғ. атақты ортағасырлық ғалымы әл-Бируниге тиісті, ол қимақтар еліндегі жергілікті халықтың табынатын нысандары қызметін атқарған жұмбақты суреттер туралы айтқан. Қазақстанда бүгінде жартастағы бейнелердің 130-дан астам ірі жинақталған орны бар. . Алайда бұл ақтық цифрлар емес, өйткені алғашқы адамдардың ежелгі ғибадат орындары туралы жаңа деректер жыл сайын түсіп жатады.Бәрінен көп петроглифтер жоғарғы Ертіс, Балқаш бойынан, Жетісудан және Оңтүстік Қазақстаннан табылды....
  • Есік қорғанының Алтын адамы
    Есік қорғанының Алтын адамыЖетісудағы сақ патшаларының ең жарқын ескерткіші Есік қорғаны болып табылады. Қорғандағы жерлеу б.д.дейінгі 4-5 ғасыр деп белгіленген. Ол 40-тан астам қорғаннан тұратын үлкен бейіттің оңтүстік шетіне орналасқан. Қорғанның көлденеңі 60 метр, биіктігі 6 метр. үйіндінің астынан археологтар екі жерлеу орнын тапты. Олар ортасы мен бүйіріне (оңтүстік шетіне) орналасқан. Орталық бейіт бірнеше рет тоналған, содан ол бүлінген, шеткі молаға ешкім тимеген. Жерлеу лақаты Тянь-Шань шыршасының өңделген бөренесінен қиып салынған. Оның ұзындығы 2,9 метр, көлденеңі - 1,5 метр, биіктігі - 1,5 метр . Лақаттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар, солтүстік бөлігіне жерленген адам орналастырылған."Есік" қорғанындағы бейіт, сірә, былайша тұрғызылса керек: алдымен негізі батыстан шығысқа бағдарланған тік бұрыш түрінде мүрде шұқыры қазылған. Шұқыр түбіне бөренеден қиып жерлеу камерасын жасаған. Оның конструкциясы барынша қарапайым: біркелкі ұзындықтағы бес қатар бөренелерді камера...
  • Ежелгі қала - Отырар
    Ежелгі қала ОтырарАрыс өзенінің Сырдарияға құйылысында ортағасырлық Отырар қаласының үйіндісі жатыр.Отырар үлкен егіншілікті ауданның орталығы, көшпенділердің тірек қорғандарының бірі болған. Одан Таразға, 25-178Ерте түрік сына жазуларында 8 ғасырда қағанаттың батыс шекарасы ретінде Қангу-Тарбан аталған, ол араб тілді жазуларда Шаштың астанасы ретінде белгілі. Даңқты ортағасырлық географ Якут: "Шаштың ең алыс қалаларының бірі, Мауреннахрға іргелес жатқан, Сейхунның (Сырдарияның) арғы жағындағы қала ... Тұрарбанд. Халық бұл атауды түрліше айта береді жєне олар Тұрар мен Отырар дейді", - деп жазды.Арабтардың Орта Азияны жаулап алуын суреттейін жазбаларда жєне Қазақстанның оңтүстігінде Отырар осы аттас облыстың астанасы ретінде аталған ("Фараб округі" немесе "Отырар") .9-10 ғасырлар Сырдариядағы этникалық ауысулармен сыйпатталады. Қанғарлар (қаңлылар) ішінара оғыздармен жєне қарлұқтармен ығыстырылды. Сондықтан да Ибн Хордадбектің: "Ал Фараб қаласында бір мезгілде мұсылмандар мен түрік қарлұқтардың...
  • Орта ғасырлық көрнекті лирик - Доспамбет жырау
    ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ КөРНЕКТІ ЛИРИК - ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУДоспамбет жырау XV ғасырдыњ 90-жылдары Азов қаласында дүниеге келген.Әрі ақын, әрі жырау Доспамбет Азов қаласы мен оныњ мањайында орныққан Кіші Орданыњ билеушілері қатарына жататын әскери ортадан шыққан. Жырау бүкіл Дешті Қыпшақты жақсы білген, Стамбул мен Бақшасарайда болған. Сондай-ақ, ол мұсылман қалаларыныњ өмірімен етене таныс болған. Жырау сол заманда халықтыњ тынышын алатын, тайпа аралық қақтығыстыњ бірінде, Хаджи Тархан (Астрахань) қаласы түбінде 1523 жылы қаза тапқан.Доспамбеттіњ халық ауызында сақталған жекелеген өлењдері XIX ғасырдыњ соњында-ақ әр түрлі баспаларда жарық көрген. Ақынныњ творчествосы тек 1960 жылдары бағаланып, оныњ жекелеген шығармалары қазақтыњ классикалық поэзиясыныњ үлгілері ретінде тыњғылықты түрде зерттеліп, антология мен хрестоматияға жинақталды.* * *Арыстандай екі бұтын алшайтып,Арғымақ мінген өкінбес.Жұпарын қардай боратып,Арулар құшқан өкінбес,Торы төбел ат мініп,Той тойлаған өкінбес ...Бетегелі Сарыарқаныњ...
  • "Кодекс Куманикус" XIII - XIV ғғ. Қыпшақ жазбасы
    "КОДЕКС КУМАНИКУС"XIII - XIV ғғ. ҚЫПШАҚ ЖАЗБАСЫҚазақтың алғашқы сөздіктерінің бірі - "Кодекс куманикус" (куман-дегеніміз, қыпшақ сөзінің өзгертілген түрі). XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап жинақталып 1303 жылы аяқталған. Бұл кітап шығарудың көне үлгісі екі бөлімнен тұрды. Олар:1.Латын-парсы-қыпшақ сөздігі.2. Қыпшақ-неміс-латын сөздігі.Сөздікте көптеген сөздерге түсініктемелер және аудармалармен қатар елуге жақын көне қазақ жұмбақтары және көлемі жағынан шағын бірнеше христандық сипаттағы діни әңгімелер беріледі. Сыртқы тонды қағуға болмайды,Ішкі тонды бүктеуге болмайды.(Жұмыртқа)Сенде жоқ, менде жоқ,Биік тауларда жоқ.Мәрмәр таста жоқ.Қыпшақ елінде де жоқ.(Құс сүті)Бес басты елші бізге келеді.(Етіктің жыртығынан көрініп тұрған бес саусақ).ұзын ағаштың бір шетінде отырып,ұлы жазу жаздым."Алтын балықтың ұрпақтары келеді" - деп,өзім отырып, күттім.(Қармақ пен балық)"Кодекс куманикус" кітабының жалғыз экземпляры Венецияда , әулие Марк шіркеуінің кітап сақтау қорында тұр. Орта ғасырлық көшпенділер...
  • Әмір Темірдің (1336 - 1405 жж.) жаулап алу жорықтары
    ӘМІР ТЕМІРДІҢ (1336 - 1405 жж.) ЖАУЛАП АЛУ ЖОРЫҚТАРЫXIV ғасырдың ортасында Алтын Орда мен Шағатай мемлекетін ыдыратуға итермелеген процестер басталды. 50-60 жылдары түркі-монғол билеушілері арасында тақ үшін күрес басталып, бұл тартыс монғол жаулап алушыларына қарсы халықтық-азаттық күреске ұласты. Мұндай жағдайда Мауераннахрдың ірі феодалдары мен бай саудагерлері өз арасынан, халықтың толқуын баса алатын, әрі мемлекетті нығайта алатын адамды іздей бастады.Барлас тайпасынан шыққан түрікмен шонжары Тарагайдың ұлы Темір осындай іске лайық адам еді .Темір жоғары билік үшін еш нәрседен тайынбады. Ол ірі байларға сүйене отырып халық- азаттық қозғалысты көп қан төгу арқылы басты. Кейіннен өзіне көмектескендерді де біртұтас билікке бағындырып, 1370 жылы Мауераннахрдың билеушісі атанды. ¤з жерінде билігін нығайтып алған Темір Алтын Орда мен Ақ Орданың ішкі саясатына араласып, бірнеше басқыншылық жорықтар жасады . Ол өзінің мақсатын іске асыру үшін Манғыстау билеушісі Түй-Қожа оғланның баласы Тоқтамысты...
  • Ақ Орда. Қазақ хандығының құрылуы 1466 жыл
    АҚ ОРДАҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚұРЫЛУЫ, 1466 ж.XIII ғасырдың ортасында Шығыс Дешті Қыпшақта құрылған Ақ Орда мемлекеті XV ғасырдың 1-ширегіне дейін өмір сүрді . Бұл мемлекет Жошы ұлысының шығыс жағында орналасты . Ақ Орда мемлекетінің негізін Жошының үлкен ұлы - Орда Ежен салған еді. Бастапқы кезде Ақ Орданың құрамына Жетісудың солтүстік -шығысы, ұлытау мен Кентау (ұлытау - бүгінгі Жезқазған облысында, Кентау - бүгінгі Оңтүстік Қазақстан, Түркістан қаласы маңында), сондай-ақ Ертіс өзені бойы кірді. ұзақ уақыт Ақ Орданың саяси орталығы Ертіс өзені мен Алакөл маңында болды. Кейіннен хан ордасы Қазақстанның оңтүстігіне Сығанақ қаласына көшірілді.Бертін келе монғол билеушілері - ақ сүйек ("төре") тұқымы біртіндеп қазақтарға (түріктерге) сіңісіп, қазақ (түрік) рулары мен тайпаларының рөлі өсе түсті. Ал, Алтын Орда ыдырағаннан кейін, Ақ Орда тәуелсіз, егеменді елге айналды. Алайда Ақ Орда бөлінгенге дейін Алтын Орда билеушілері тарапынан кез келген саяси бостандыққа деген талпыныстарға тосқауыл жасалып...
NURBIZ.KZ - каталог компаний и предприятий Казахстана и Алматы

Российские двери

Скидка 100%

Дарим подарки каждому клиенту!

ТОП-9 шуток над учителями или лучшие методы пощекотать нервы

Готовимся к студенческой жизни заблаговременно