Найдено 5732 документы
  • Айша Ғалымбаева - қазақ суретшісі
    Жердегі сұлулықтың мекеніАйша Ғарифқызы Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған.Айша Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген. Алматының көркемсурет училищесінде (1943) және Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография иниститутында (1949) оқыған. Айша Ғалымбаева «Махаббат туралы аңыз», «Өжет қыз», Шоқан Уәлиханов жөнінде «Оның заманы әлі алда», «Бұл Шұғылада болған еді» дейтін фильмдердің қоюшы суретшісі. «Қазақтың халық киімдері» (1958) альбомының авторы. Республикалық, Одақтық және Халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан. Оның туындылары Қазақстан, ТМД және әлемнің көптеген елдеріндегі жеке коллекцияларға қойылған.Қазақ өнерінің тарихына Айша Ғалымбаеваның шығармашылық өмірбаяны шын мәнінде алтын әріппен...
  • Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар
     Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар  Соғыстан кейінгі жылдары бізде мүсін өнері де пайда болғанын айта кету қажет. Онымен әуелі шеттен келгендер айналысса, содан соң өзіміздің мүшелер шықты. Соның алдыңғы қатарында Исаак Иткинд де болды. Оның жұмыстарының арасында «Шалдың басы. Философ» (1959) деген де бар. Онда ойға сүңгіген ақсақалдар бейнесі шамамен алғанда шығыс адамының тағдыры мен мінезінің портреті сияқты. Иткинд бастың формасын оның құрамына, құрылысына қарай мүше-мүшеге жіктейді: биік маңдайды жайлаған әжімдер, ой мен мүлгіген қабақ астындағы көз, «қожалақтау» ықшамдалған бет-әлпеті, алмастыра қажырылған формасы, бір мезетте қиюласқан мәдениет пен табиғаттың материалы (мүшесі баз ағаштың қабығын қалдырып отырған қажет деп санаған кезде),- бәрі бірлесіп бір шекте қатар тұрған қозғалыс пен тыныштықтың ұмтылмас образын жасайды.  Ян Кучистің «Звено бастығының портреті»-ндегі (1957) жас әйелдің кейпі де тартымды шыққан /23/. Онда нақтылық пен типтілік біріктірілген. Мұнда...
  • Бейнелеу өнерінің тақырыбы, идеясы, мазмұндық қырлары
    Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры  Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты.  Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30...
  • Ежелгі Қосөзен мәдениеті
    Ежелгі Қосөзен мәдениеті            Ұзындығы 18 метрге созылған хабарлама үш тілде – ескі парсы, бабыл және жаңа элам тілінде жазылған болып шығады. Мұндай үш балама мәтіннің қатар жүруі оны оқып шығуды оңайлатады. Бехистун жазуы ежелгі Персия тарихын зерттеуде оған дейінгі барлық археологиялық зерттеулер мен антикалық заман авторларының еңбектерінің бәрін қосқандағыдан артық пайда түсірді. Бір кездегі ассирия-бабыл жазуларын жетілдіруден туған бұл ескі  парсы жазуы ассирия-бабыл тарихы жайында солардың шет-шебірін көріп қалған  гректерден гөрі де көбірек мәлімет берді. Ең бастысы, бұл Алдыңғы  Азия халықтарының  бірінен біріне көшіп мұра болып келе жатқан ортақ жазудың түп бастауы жайында батыл ойларға бастады. Ассирия-бабылдан бұрын да сына жазуы болған деген тұспал туады. Ол халықты 1869 жылы 17 қаңтарда француз ғалымдары отырысында Жюль Опперт шумер деп атайды. Чех ғалымы, Бедржих Грозныйдың айтуынша, “ең ежелгі жазу – бабыл жазуы. Ғайса тумастан 300 жыл бұрын ойлап табылған.  Мысыр...
  • Киіз туырлықты, ағаш уықты
    Киiз туырлықты, ағаш уықтыҚазақы бала бала емес, өзбекi мал мал емес деген мақал қазақтар мен өзбек сарттардың аралас-құралас отырған аймағында пайда болған, — деп түсiндiредi ғалым Ә.Қайдар. Ташкенттiң базарына базарлауға барған қазақтардың асты-үстiне түсiп қызмет iстейтiн өзбектiң жас балаларына риза болып қайтатын қазақтар, өз ауылдарына келiп олардай «пысық емес» балаларына риза болмай айтылған бұл мақалдың мәнi — қазақ балалары, аяғынан тiк тұрып базарлап барғандарды күтiп алатын, сауда-саттығына жәрдемдесiп, малының басын ұстап, қызмет көрсететiн өзбек балаларындай емес дегендi, ал өзбектен сатып алған тұрмыстық заттар бұйым сияғы жоқ, сапасы нашар дүниелер дегендi аңғартып, мақалға айналып кеткен. Кейiнiрек Кеңес үкiметi кезiнде ауылдан келiп орыс тiлiн нашар бiлiп, қала жағдайындағы өмiр-тiршiлiк ыңғайын бiлмей, кейiншектеп тұратын балаларға немесе ынжықтау балалардың iсiне көңiлi толмағанда қазақы бала бала емес деген бiрiншi бөлiгi айтылатын. Қала балаларына тән қақаң-соқаңды...
  • Көне дәстүрдің озығын қайта жаңғыртсақ
    ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫКӨне дәстүрдiң озығын қайта жаңғыртсақЖұмағұл ШӨженов, Балқаш қаласының мамандандырылған әкiмшiлiк сотының төрағасыШешендiк өнер - Ұлы даланың тiршiлiгiнен өмiрге келген табиғи туындысы, сол ортаның мұрасы, ұлттық рухымыздың биiгi деп санаған дұрыс.Қазақ руларының, ауылдарының жұрт жаңартып, малына жайылым қуып үнемi көшiп жүруi неғұрлым қонысы шалғай, атасы алыс рулармен қыз алысып, қыз берiсiп қарым-қатынас жасауы, алыс-жақын демей бiрiн-бiрi жиынға ас-тойларға шақырысып тұруы - осының барлығы, сайып келгенде бiрыңғай халық тiлiнiң, ауыз әдебиетiнiң, өзiнiң мәдениетiнiң қалыптасуына қолайлы жағдай жасалған. Ауыл мен ауыл, ру мен ру және азаматтар арасындағы дау-жанжалдарды шешетiн жұрт көп жиналатын ас-тойлар, жәрмеңке-базарлар, «күнде кеңес құратын Күлтөбелер» билер мен шешендер мектебi. Шешен-билерге халықтың көрсететiн құрметi мен беретiн сыйы да дарынды, талантты жастарды сөз өнерiн үйренуге, игеруге ынталандырған, итермелеген, сөз қасиетiн құрмет тұтқан. Осыдан келiп...
  • Көне Түркілердің наным-сенімдері
    Ежелгі түркілердің наным-сенімдері   Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек,  айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтып жатты.Көптеген мәдениеттанушылар дінді мәдениеттерді бір өркениетке біріктіретін фактор ретінде қарастырады. Н. Данилевскийдің, К. Ясперстің, А. Тойнбидің,  О. Шпенглердің, П. Сорокиннің еңбектерінде тарихи-мәдени типтердегі діни ерекшеліктер бітім құрастырушы және мәдени айрықшалықты білдіретін нышан...
  • Мың бір бояу іздеген
    Мың бір бояу іздеген Осы бір аққұба өңді, өткір жанарлы, орта бойлы жанға жүздескен сайын әр адам өзіне бір шапағат алатындай сезімде болады. Бұл адам жеті өнерді тел емген, сан-салалы шығармашылықтың шыңына өзіндік қайталанбас қолтаңбасымен, айшығымен шыққан суреткер. “Ғаламат сурет салам” деп, мың бір бояуды ғұмыр бойы іздеумен келе жатқан Шота ағамыз!Әр заманда данагөй қазақтың өз нарқоспақ мықтылары болған.Екінші мыңжылдықтың түу басында “Шығыстың Аристотелі” атанған энциклопедист ғалым Әл-Фараби, ортағасырлық алғашқы тарихшымыз Мұхаммед Хайдар Дулати, ХІХ ғасырда Абай, Ыбырай, Шоқан, ХХ ғасырдың басында Алаш арыстары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин ірі тұлғалық болмыс-бітімімен көрінсе, халқымыздың тарих қойнауынан тамыр тартқан әдебиет, мәдениет пен өнер биігін Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Сәбит Мұқанов бастап, біртуар композиторлар Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбанов, сәулетшілер Төлеу Бәсенов, Малбағар Меңдіқұлов...
  • Мәдениет
     Мәдениет – кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет – деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Ұлы Қазан төңкерісіне дейін қазақ елі патшалық Ресейдің артта қалған отары болып келді. Ол кезде қазақ арасында сауатты адамдар бірен-саран ғана табылатын еді. Театр, клуб деген болмады, қазақ тілінде кітап та шықпады, яғни бұдан халқымыздың мәдениеті мен өнерінің еміе еркін өмір сүріпдамуына тосқауыл жасалынды. Кеңес үкіметінің...
  • Қазақ халқының салт-дәстүрлері
    Қазақ халқының салт-дәстүрлері     Той малы Той малы (дәстүр). «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады. Дәмету «Дәметкен сары майдан кеудең құрсын» (халық өлеңі). Дәметудің әр түрі бар Ал ырымда жас келіншектердің дәметуінің жөні бөлек. Жас балалар...
NURBIZ.KZ - каталог компаний и предприятий Казахстана и Алматы

Expert Oil / Эксперт Оил

Скидка 100%

Покупай масло MOTUL 4, 5 литров – получай мойку в подарок!

Как развить внимательность – 5 таблеток, чтобы стать гением

ТОП-5 лучших ВУЗов МВД Казахстана – у вас нет шансов стать...