Найдено 6 документов
  • 15 қараша қаржыгерлер ұлттық валюта күні
    1993 жылы ұлттық валютамыздың енгізілуі жиырма жылдық мерейлі мерекесін биыл атап өткелі отырған егемен еліміздің тарихындағы ең бір айтулы оқиғалардың бірі болғаны белгілі.Төл теңгеміздің пайда болуын халқымыз зор қуанышпен және үлкен сеніммен қарсы алды. Себебі, сол кезеңдегі Қазақстанның басынан кешкен экономикалық қиыншылықтарының басым бөлігі қаржы айналымында рубльдің тым көп көлемінің болуымен тікелей байланысты еді. Ал, өнеркәсіптік өндіріс, ауыл шаруашылығы құлдырау үстінде болатын.Міне, осындай күрделі кезеңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың теңгені айналымға енгізу туралы шешімі шын мәнісінде көреген әрі дер кезінде қабылданған шешім болды. Бұл Қазақстанның дамудың даңғыл жолына түскендігін айғақтады, себебі валюта кез келген мемлекеттің егемендігінің ажырамас бөлшектерінің бірі болып табылады.Ұлттық валютаның енгізілуімен қатар 1993 жылы мемлекет басшылығы бүкіл қаржы жүйесін нығайту бойынша кешенді шаралар қабылдады. Соның арқасында Қазақстан тәуелсіздік жылдарында...
  • 16 желтоқсан тәуелсіздік күні
    Тәуелсіздік мерекесі1. БаяндамаСіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін...
  • Атамекен - Қазақ елі
    АтамекенО-о, қазақтың қасиетті қара топырағы! Менің ата-бабамның асылы, ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы, енді менің балаларыма ақтық тапсырар аманатым, баға жетпес байлығым. Егемендігім мен елдігімнің тұғыры. Жанында бүкіл Еуропаның көрікті жерлерін аралап келген «жаңа қазақ» ініммен сұхбаттасқаным бар. Ол кәрі континентте көрген кереметтерін: салтанатты сарайларын, аспанмен тілдескен ғимараттарын, аспалы көпірлері мен көз жауын алар көрмелерін, мұражайлары мен мұрағаттарын... әйтеуір қойшы бәрін, бәрін таңдайын қаға таңданысын жасыра алмай сөз етті. Сөз соңында әлгі: «Басқа халықтың ұрпағына қондырған асыл мұраларын көре жүріп: «Құдайым-ау, біздің ата-бабаларымыз екі-үш әйел алып о төбеден бұ төбеге мал соңынан салпақтап көшіп-қонғаннан басқа не бітірген? Ұрпағына, мына бізге бөгде жұртқа мақтан етерім не қалдырған? Немізбен мақтана аламыз?» - деген өкпелі ойда болдым дегені. Әсем қалалар мен көрікті көпірлер салып келешегіне мұра етіп қалдырмағанына кейінгі ұрпақтың...
  • Саяси тәртіп
                                                                                  Cаяси тәртіп Мазмұны     Кіріспе1. Жеке адамның саяси мәдениетін қалыптастырудағы саясаттың ролі2. Жеке адамның құқығы мен заңыҚорытындыӘдебиеттер тізімі  Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән – мағынасын терең түсініп  - білуге адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық – саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс - әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттық сыр – сипатын, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат – мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады,...
  • Қылмыстардың көптігі
    Жоспар: I КіріспеII Негізгі бөлім 1.1. Қылмыстың көптігінің түсінігі;1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстарданерекшелігі1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;б) Қылмыстардың жиынтығы;в) Қылмыстардың қайталануы.III ҚорытындыҚолданылған әдебиеттер тізімі   Кіріспе Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен келісуміз керек. Себебі: азаматтардың бойына заң құрметтешілік дағдысын, мораль талаптарына...
  • Ұлттың ортақ ұраны
    Ұлттың ортақ ұраны: Отан, Тәуелсіздік, тұрақты дамуБүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы және өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни наным сенімдермен тығыз байланысты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Президенттің Жолдауында ең мықты 50 елдің қатарына кіру туралы керемет ой айтылды. Бұл – ұлттың ортақ ұраны.Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше...
NURBIZ.KZ - каталог компаний и предприятий Казахстана и Алматы

Российские двери

Скидка 100%

Дарим подарки каждому клиенту!

Как подать заявление на грант в Казахстане – главные азы

Школьная форма в Казахстане подойдет на любой вкус и цвет