Скачать Рефераты по ар ұят туралы шығармалар

Найдено 17 документов

  1. Отбасы реферат

    Тип
    Рефераты
    Категории
    Педагогика
    Язык
    Казахский

    ҚҰРАСТЫРУШЫДАН Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршыс ...

  2. Этнопедагогика - халық педагогикасы туралы ғылым реферат

    Тип
    Рефераты
    Категории
    Педагогика
    Язык
    Казахский

    Нұрсәуле Рсалиева, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тіл маманы Нұрсәуле Рсалиева Мақсұтқызы зерттеу жұмыстарын І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының ағылшын тіліндегі аудармасына арнап, шығарманың орыс тіліндегі және орысша нұсқасынан жасалған ағылшын тіліндегі аудармаларының қазақ атына келтіретін залалды тұстарын таразыға салып, оның салмағының қаншалықты батпандап тереңде жатқанын ағымдағы баспасөз беттерінде баяндап келеді. Бүгінгі ұсынылып отырған мақала да осы бағытта жасалған ізденіс нәтижесі. Мұнда автор трилогия аудармаларының көркем шығарма аудармаларына қойылатын талаптар деңгейінен көріне алмайтынын нақты ғылыми дәйектерге негіздей дәлелдейді. Мақала “Сын: уақыт және қаламгер» деп аталатын Қазақстан жазушылар Одағының 2007 ж. алғаш жарық көрген әдеби-көркем сын басылымының тұсаукесер санында жарияланды Қызыл империяға құлдық ұрған аударма (І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясының орыс, ағылшын тілдеріндегі және орысша нұсќасы бойынша жасалған өзге тілдердегі барлыќ аудармаларын жарамсыз ...

  3. Б. Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі реферат

    Тип
    Рефераты
    Категории
    Литература
    Язык
    Казахский

    ӘОЖ: 82:929 БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АБАЙ ДӘСТҮРІ Даурбекова Ширинкуль Седазымқызы Б. Момышұлы атындағы №44 орта мектеп. Шымкент қаласы ″Туады ерлер, ел үшін″ Өлмейді ісі мәңгілік, Өшпейді абзал есімдер. Ұрпаққа жетіп мәңгілік Кетпейді естен асыл ер,- деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған. „Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін. „Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы. Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай, Ішсем суы татиды шекер, балдай Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, – деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауда ...

  4. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі, көне Түркі ескерткіштері реферат

    Тип
    Рефераты
    Категории
    Литература
    Язык
    Казахский

    Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі: көне Түркі ескерткіштері "Ежелгі дәуір әдебиет" (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), "Қорқыт" (VIII ғ.) және "Оғыз-наманы" (IX ғ.) атаймыз. Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.) – Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді. І. Көне түркі әдебиеті. Орхон жазуындағы жәдігерліктер. Орхон ...

  5. Отбасы - ұлттың тірегі - 2 реферат

    Тип
    Рефераты
    Категории
    Педагогика
    Язык
    Казахский

    МЕН және МЕНІҢ ОТБАСЫМ Төменгі сынып оқушыларына арналған әдеби-музыкалық кеш. Дайындық кезеңі: Балаларға алдын-ала отбасы мүшелеріне арнап өлең шумақтарын, ән жаттап келуге тапсырма беріледі. Безендірілуі: кітап көрмесі жасалып, отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер, гүл, шар, суреттер т.б. ілінген. (Ақырын ғана «Балбырауын» күйі ойналады, ортаға жүргізуші шығады). Жүргізуші: Сәлем, ата – алтын күн Сәлем, қарты халқымның! Бақытты болғын балалар, Ашық болсын күніңіз! Жайнай берсін жүзіңіз! – дей келіп, «Мен және менің отбасым » деп аталатын мерекемізді бастаймыз. Бүгінгі мейрамымызды біз өзіміздің ата-әжелеріміз, ана мен әкелерімізге арнаймыз. (Сырттан иттің үрген дауысы шығады). Міне менің көмекшім де келіп қалыпты ғой! Кір, кір қуаныштымыз. Күшік: Мен күшікпін, ақ күшік! Қырағы да, сақ күшік. Түні бойы жатпаймын, Қоралы малды сақтаймын. Әжем мені мақтайды, Тамағымнан қақпайды. Ақылды итке санайды, Аппақ жүнімді тарайды. Мен де оған еркелеп, Ә ...

  6. Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері реферат

    Тип
    Рефераты
    Категории
    Педагогика
    Язык
    Казахский

    Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері Мазмұны: 1. Алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi тәрбие. 2. Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлiк тәрбие дәстүрлерi. 3. Ұлы Түркi қағанаты және оның тәлiмдiлiк-танымдық мұрагерлерi (VI-IХ ғ. ғ.). 4. Араб-шығыс мәдениетiнiң қазақ даласына тарауы, Орта ғасыр оқымыстыларының тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi (X-XV ғ.ғ.). 5. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлiм-тәрбие (Жыраулар поэзиясындағы тәлiмдiк ойлар). 6. Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюы 7. Кеңестiк дәуiрдегi қазақ педагогикасының ғылым ретiнде дамып қалыптасуы 8. Ресей империясының құрамына кірген Қазақстанның білім жүйесі. 9. Халық педагогикасы жөніндегі ғылыми-зерттеулер. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөнiндегi сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжiрибесiн, қазақ хандығы құрылған кезеңнен (ХIҮ-ХҮғ.ғ.) бастап қарастыру, тарихи-әлеуметтiк тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткенi кешегi өткен тарих беттерi ...

  7. Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы реферат

    Тип
    Рефераты
    Категории
    Педагогика
    Язык
    Казахский

    Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы. (1845-1904) Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушк ...

  8. Мұхаммед-Хайдар Дулати реферат

    Тип
    Рефераты
    Категории
    История
    Язык
    Казахский

    Мұхаммед Хайдар Дулати Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін тқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қыз ...

  9. Әскер - ел қорғаны реферат

    Тип
    Рефераты
    Категории
    История
    Язык
    Казахский

    ӘСКЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ. “Қаһарман елдің қарулы күштері” (кіріспе) Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алған соң алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет қойылды. Ол - өзінің Қарулы Күштерін құру еді. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейіннен республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде дербес шешуге көшуіне байланысты, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз республиканың заңдық құқықтарының негіздеріне және де Тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты 1992 жылдың 7-мамырында Президенттің Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын Қорғаныс министрі болды. Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі болып генерал-полковн ...

  10. М.Әуезов әңгімелеріндегі тартыс реферат

    Тип
    Рефераты
    Категории
    Литература
    Язык
    Казахский

    Мұратбекқызы Алтынай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының магистранты МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ТАРТЫС ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі рухани серпіліс қазақ сөз өнеріне аса дарынды үлкен шоғырды сыйлады. Алаш қозғалысы, оның тәуелсіздікке ұмылған қарқынды қадамдары, ұлт санасын оятудағы игілікті істері, жігерлі ұрандары – қазақ әдебиетінің даму бағытына да оң ықпал жасағаны баршамызға мәлім. Қоғамдағы алаштық идея – жаңа мазмұндағы сөз өнерін қалыптады десек, соны сипаттағы әдебиеттің аса дарынды өкілі ретінде Мұхтар Әуезовті атайтынымыз кәміл. Қазақ сахарасы қашан да өзіндік өшпес орны бар таланттарға кенде емес. Соның бірі – бойында қаламгерлік таланттың, шалқыған шабыттың жалыны бар тұлға – Мұхтар Әуезов. Оның туындылары өз заманының келбетінен сыр береді және сол дәуірдің ағымымен түрлі тағдырды арқалаған адам өмірін сипаттайды. Мұхтар Әуезов туындыларына уақыт өзі өлмейтін нұр дарытқан, себебі әрбір шығарма халқ ...